Қазақстандық балуан Азия чемпионатында «алтын» еншілей алмады
![Қазақстандық балуан Азия чемпионатында «алтын» еншілей алмады](https://prosports.kz/upload/news/content//202404/472_6f6da54bfbba46f049f8b86e0bbf0e5d.jpg?v=28701365)
Қырғызстан астанасы Бішкектегі Азия чемпионатында грек-рим күресінен жеңімпаздар анықталып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
87 келіге дейінгі салмақта алтын медаль үшін қазақстандық Нұрсұлтан Тұрсынов белдескен. Оның қарсыласы ирандық Насер Газем Ализаде болды. Тұрсынов 0:5 есебімен жеңілді.
Осылайша, Нұрсұлтан Тұрсынов турнирдің күміс жүлдегері атанды.
Еске салайық, 1/2 финалда Тұрсынов өзбекстандық Рахимжон Узоковты (9:0) сенімді жеңген.