Соня Жиенбаева Түркиядағы турнирдің жартылай финалына шықты
![Соня Жиенбаева Түркиядағы турнирдің жартылай финалына шықты](https://prosports.kz/upload/news/content//202404/201131_12ddf2a91ab63c22ceb1509ad1d590ba.jpeg?v=28701367)
Қазақстандық, әлемнің 1246-ракеткасы, 18 жастағы Соня Жиенбаева Анталия (Түркия) ITF W15 турнирінің жартылай финалына шықты.
Қазақстандық теннисші ширек финалда дүниежүзілік рейтингіде 1001-орында тұрған Аустрия өкілі Мавие Остерейхермен жолықты.
Бірінші партияда Жиенбаева бет қаратпады — 6:1.
Екінші сетте есеп 1:0 болған мезетте қарсыласы бәсекені жалғастырудан бас тартты.
Соня Жиенбаева финалға шығу үшін словакиялық Каролина Мзариковамен таласады.
Ол ширек финалда отандасы, әлемнің 933-ракеткасы Ирина Балусты қапы қалдырды — 6:3, 6:4.