русский язык
Единоборства

Мейрамбек Қартбай Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды

Мейрамбек Қартбай Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды

Күрес түрлерінен Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті. Еркін күрестен 57 келі салмақта ел намысын қорғаған Мейрамбек Қартбай қола медаль иегері атанды.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің хабарлауынша, Мерйамбек кіші финалда қытайлық балуанды 7:2 есебімен жеңген.

Турнир барысында отандасымыз Өзбекстан балуанынан басым түсіп, жартылай финалда жапондық спортшыдан жеңілген еді.

Айта кетелік, Ақтөбе күрес мектебінің түлегі Мейрамбектің бұл – құрлықтық біріншіліктегі алғашқы жүлдесі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;