Елена Рыбакинада жаңа бәсекелес пайда болды
Америкалық теннисші, әлемнің 15-ракеткасы Даниэль Коллинз биыл WTA турнирін кем дегенде екі рет жеңіп алған төртінші ойыншы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
2024 жылы екі немесе одан да көп WTA турнирінде жеңіске жеткен теннисшілер:
1. Елена Рыбакина, Қазақстан (Брисбен, Аустралия; Әбу-Даби, БАӘ).
2. Елена Остапенко, Латвия (Аделаида, Аустралия; Линц, Австрия).
3. Ига Свентек, Польша (Доха, Қатар; Индиан-Уэллс, АҚШ).
4. Даниэль Коллинз, АҚШ (Майами, Чарльстон — екеуі де АҚШ).
Естеріңізге сала кетейік, 7 сәуірде Даниэль Коллинз Чарлстондағы (АҚШ) WTA-500 турнирінің финалында ресейлік Дарья Касаткинаны 6:1, 6:2 есебімен жеңген еді.
2024 жылдың басында Коллинз маусымның соңында карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или