Қазақстан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Қазақстандық Анастасия Городко Кьеза-ин Вальмаленкода қаласында (Италия) фристайл-могулдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Финалда қазақстандық 71,89 ұпай жинап, алтын медаль жеңіп алды.
Әлем чемпионатында екінші орынды жапониялық Марин Ито иеленді – 71,35. Үздік үштікті Юма Тагучи (Жапония) түйіндеді – 69,96.
Айта кетейік, 2022 жылғы әлем чемпионатында Городко үш жүлде алған болатын. Ол параллельдік могул жарысында жеңіске жетті, сонымен қатар жеке және командалық аралас жарыста екінші болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или