РПЛ клубы Магомед Адиевтің команданың бас бапкері болып тағайындалуына қатысты пікір білдірді

РПЛ клубы Магомед Адиевтің команданың бас бапкері болып тағайындалуына қатысты пікір білдірді

«Ахмат» президенті Магомед Даудов команданың жаңа бас бапкері Магомед Адиев туралы пікірін бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «СЭ» сайтына сілтеме жасап.

«Соңғы жылдары біз маманның Қазақстан құрамасының бас бапкері ретіндегі жетістігіне қуанып келдік, құрама Әдиевтің жетекшілігімен тарихындағы ең үздік нәтижелерге қол жеткізді. Магомед Мұсаұлы өзінің туған клубы «Ахматты» басқару ұсынысына қуана жауап берді. Оның тәжірибесі, кәсіби және адами қасиеттері команда алдында тұрған міндеттерді орындауға мүмкіндік беретініне сенімдімін», - деп жазды Даудов өзінің Telegram-арнасында.

5 сәуірде Ахмат клубтың жаңа бас бапкері болып Магомед Адиев тағайындалғанын хабарлады. Бір күн бұрын грозныйлықтар Мирослав Ромащенконың кеткенін хабарлаған еді.

Грозный клубынан бөлек, 46 жастағы маман Қазақстан құрамасын басқарады.

«Ахмат» 21 матчта 20 ұпай жинап, РПЛ кестесінде 12-орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или