русский язык
Бокс

Қамшыбек Қоңқабаевтың әуесқой боксшылар рейтингіндегі орны белгілі болды

Қамшыбек Қоңқабаевтың әуесқой боксшылар рейтингіндегі орны белгілі болды

Қамшыбек Қоңқабаев аса ауыр салмақ дәрежесі бойынша әуесқой боксшылар арасындағы рейтингте бесінші орында тұр.

Бірінші орынға өзбекстандық боксшы Баходир Джалолов жайғасқан. Кейінгі сатыда оның отандасы Жахонгир Зокиров тұр. Үшінші орынға ресейлік спортшы Ярослав Дороничев, төртінші орынға Святослав Тетерин (Ресей) орналасқан. Ал Қамшыбек Қоңқабаев үздік бестікті түйіндеп тұр.

Айта кетейік, Қамшыбек Қоңқабаев – 2020 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, Әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері, Азия чемпионатының үш мәрте күміс медаль иегері. Ол өткен жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындарында Париж олимпиадасының лицензиясын жеңіп алған еді.

Түпнұсқасы: nur.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;