русский язык
Единоборства

Дзюдошылар Түркиядағы турнирде сәтсіз өнер көрсетті

Дзюдошылар Түркиядағы турнирде сәтсіз өнер көрсетті

Дзюдодан Қазақстан құрамасы Түркияның Анталья қаласында өткен Grand Slam турнирінде сәтсіз өнер көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлемнің 94 мемлекетінен, 660 спортшы сынға түсетін додада Қазақстан құрамасының атынан 14 спортшы қатысып, жалғыз Әбиба үздіктер қатарынан көрінді. Ерлер сапындағы Ғұсман Қырғызбаев (66 кг) алғашқы екі кездесуінде жеңіске жеткенімен, үшінші айналымда БАӘ-нің намысын қорғайтын Нармандах Баянмунхқа жеңілсе, Данияр Шамшаев (73 кг) екінші айналымда испаниялық Хавьер Пенаға есе жіберді. 81 келідегі Абылайхан Жұбаназар мен 90 келідегі Ермахан Әнуарбеков алғашқы айналымнан аса алмады.

Ауыр салмақтың өкілдері Нұрлыхан Шархан мен Әділет Сапарғалиев та бірінші белдесулерінде ұтылып қалса, аса ауыр салмақтағы Ғалымжан Қырықбай мен Ерасыл Қажыбаев алғашқы айналымнан аса алмады. Әйелдер арасында Әбиба Абужақынова ғана тұрақты нәтиже көрсетіп жүр. Қалған спортшыларымыз алғашқы белдесулерінде-ақ жеңіліп, жарысты ерте аяқтауға мәжбүр болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;