русский язык
Единоборства

Күрес федерациясы лицензиялық турнир қарсаңында арнайы жиын өткізді

news-banner7
mobile-news-top

2024 жылдың 28 наурызында грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының кезектен тыс конференциясы онлайн форматта өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жиынға мемлекеттік және аға жаттықтырушылар, төрешілер мен аймақтық федерация өкілдері қатысып, түрлі мәселелерді ортаға салды.

Жиындағы маңызды сауалдардың бірі - Бішкекте өтетін Азия чемпионаты мен Азия аймақтық лицензиялық турнирге дайындық барысын талқылау болатын. Конференция қорытындысы бойынша нақты ұсыныстар айтылып, Париж Олимпиадасына жолдама алу міндеттелді.

Ұлттық құрама командалардың бас бапкерлері олимпиадалық маусымдағы жарыстарға дайындық барысы туралы ақпар беріп, Бішкекте сынға түсетін спортшыларға тоқталды.

Сондай-ақ, жиында 26 наурызда Алматы облысында аяқталған ел чемпионатында UWW регламенті мен құқықтық-нормативтік актілерді бұзған жекелеген бапкерлер мен төрешілерге қатысты тәртіптік мәселелер қаралды.

Түскен шағымдарды саралай келе, Боранбек Қоңыратовты (грек-рим күресі, Алматы облысы) 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін республикалық және халықаралық жарыстардан, сондай-ақ, жас ерекшелігінен тыс ұлттық құрама командалардың оқу-жаттығу жиындарынан шеттету туралы шешім қабылданды.

Серік Әбдімәуленов те (еркін күрес, Қызылорда облысы) 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін республикалық және халықаралық жарыстардан, сондай-ақ, жас ерекшелігінен тыс ұлттық құрама командалардың оқу-жаттығу жиындарынан шеттетілді.

Әйелдер күресінен Гүлжанат Қожағалиева (БҚО) мен Ғалым Мырзабаев (Алматы облысы) үш ай көлемінде республикалық және халықаралық жарыстардан, сондай-ақ, жас ерекшелігінен тыс ұлттық құрама командалардың оқу-жаттығу жиындарынан аластатылды.

Төрешілер корпусының Қостанай облысындағы өкілі Серік Құлмұхамбетов 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін республикалық жарыстарда төрелік ету құқығынан айырылды.

Конференция қатысушылары жоғарыда айтылған оқиғаларға жол бермеу үшін отандық мамандар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, төрешілер мәдениетін көтеру керектігін бірауыздан қолдады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;