Жәнібек Әлімханұлы америкалық әлем чемпионын жекпе-жекке шақырды

WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) жеңіліп көрмеген америкалық боксшы, WBC титулының уақытша иегері Дэвид Бенавидесті (28-0, 24 КО) жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Бенавидес, сен мықтылармен жұдырықтасқың келеді, олай болса, жұрықтасайық! Біздің кездесу жоғары деңгейде өтеді! Мұны сен де, фанаттар да біледі. Егер салмақ қуа алсаң, екінші орта дивизионда жұдырықтасуға дайынмын! Оңай жұмыс!» –деді Жәнібек Х (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінде.
Benavidez if you want to fight with the best, let's make a fight! Our fight will be at the highest level! You and the fans know this! If you can't make the weight, I'm ready to fight at 168! Easy work!
— Janibek Alimkhanuly (@qazaqstyle) March 23, 2024
Бұған дейін Әлімханұлы WBC нұсқасы бойынша титул иегері америкалық Джермалл Чарло (32-0, 22 КО) мен WBA нұсқасы бойынша чемпион кубалық Эрисланди Лараны (29-3-3, 17 КО) жекпе-жекке шақырған болатын.
Еске салайық, қазақстандық боксшы кейінгі жекпе-жегінде WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулдарын біріктірген еді. Әлімханұлы алтыншы раундта техникалық нокаутпен германиялық Винченцо Гуальтьериді (21-1-1, 7 КО) мерзімінен бұрын жеңген болатын.