русский язык
Әлем футболы

Еуропа лигасы 1/4 финалының жеребесінің қорытындысы

Еуропа лигасы 1/4 финалының жеребесінің қорытындысы

Бүгін, 15 наурызда УЕФА-ның Ньон қаласындағы (Швейцария) штаб-пәтерінде Еуропа лигасы 1/4 финалының жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жеребе нәтижесінде келесі ширек финалдық жұптар анықталды:

  • «Милан» (Италия) – «Рома» (Италия);
  • «Ливерпуль» (Англия) — «Аталанта» (Италия);
  • «Байер» (Германия) — «Вест Хэм Юнайтед» (Англия);
  • «Бенфика» (Португалия) — «Марсель» (Франция).

Еуропа лигасы 1/4 финалының алғашқы ойындары 11 сәуірде, қарымта ойындары 18 сәуірде өтеді. Еуропа лигасының финалы 22 мамырда Дублинде (Ирландия) Авива стадионында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;