русский язык
Единоборства

Grand Slam: Данияр Шамшаев қола медаль үшін күресте жеңіліс тапты

Grand Slam: Данияр Шамшаев қола медаль үшін күресте жеңіліс тапты

Дзюдодан Ташкентте өтіп жатқан Grand Slam турнирінде қазақстандық Данияр Шамшаев бесінші орын иеленді, деп жазады Olympic.kz.

73 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Данияр Қырғызстан мен Словакия балуандарын ұтып, ширек финалда ресейлік Махмадбек Махмадбековтен басым түскен болатын.

Өкінішке қарай, жартылай финалда ресейлік Данил Лаврентьевпен, қола медаль үшін күресте өзбекстандық Обидхан Номановтан ұтылды.

Бұл салмақтағы чемпиондық атақты итальяндық Мануэль Ломбардо иеленген. Ал Қазақстан атынан сынға түскен тағы бір балуан Асқар Нарқұлов бірінші белдесуде Польша спортшысына есе жіберді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;