русский язык
Единоборства

Қазақстан Ташкенттегі Grand Slam турнирінде алғашқы медалін еншіледі

Қазақстан Ташкенттегі  Grand Slam турнирінде алғашқы медалін еншіледі

Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Ташкенттегі «Үлкен дулыға» турнирінде күміс медаль иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz.

48 келіге дейінгі финалда Әбужақынова ресейлік Сабина Гилязовадан жеңіліп қалды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Әбужақынова Португалия мен Әзербайжан Гран-приінде қола жүлдегер атанған болатын.

Айта кету керек, жарысқа 68 елден барлығы 500-ден астам татами шебері қатысты.

Ташкентте Қазақстан намысын 26 спортшы қорғайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;