Оралхан Өміртаев белорусьтік командаға ауысуы мүмкін

Оралхан Өміртаев белорусьтік командаға ауысуы мүмкін

25 жастағы қазақстандық шабуылшы Оралхан Өміртаев Беларусьтің «Слуцк» командасына сынақтан өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Форвард жақында «Атыраудан» кетіп қалды. Мұнайшылар сапында Оралхан Өміртаев 30 кездесу өткізіп, 2 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді. Шабуылшы бұған дейін «Шахтер», «Ақжайық» және «Тобыл» командаларында өнер көрсеткен.

Ол Қазақстан Премьер-лигасында барлығы 173 матч өткізіп, 22 гол соғып, 11 нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или