русский язык
Әлем футболы

Неймар 4,5 жылға сотталған футболшы Дани Алвестің жазасының жеңілдеуіне көмектесті

Неймар 4,5 жылға сотталған футболшы Дани Алвестің жазасының жеңілдеуіне көмектесті
news-banner7
mobile-news-top

Бразилия ұлттық құрамасының ойыншысы Неймардың отбасы 4,5 жылға сотталған футболшы Дани Алвеске көмектесті.

"Барселона" футбол клубының және Бразилия ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Дани Алвес түнгі клубтардың бірінде қыз зорлады деп айыпталған еді. Ол сот шешімі бойынша 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды және жәбірленушіге 150 000 еуро көлемінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.

UOL порталының мәліметінше, Дани Алвестің досы, бразилиялық футболшы Неймар және оның отбасы жәбірленушіге төленуге тиіс 150 000 еуроны өтеп берген. Бұл Данидің жазасының жеңілдеуіне көмектескен көрінеді. Сондай-ақ өткен жылдың маусымынан бастап Алвестің соттағы мүддесін Неймардың әкесінің компаниясында ұзақ уақыттан бері заңды өкіл болып жүрген Густаво Ксисто қорғағаны атап өтілді.

Түпнұсқасы: kaz.nur.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;