Дани Алвес 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды

Дани Алвес 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды

"Барселона" футбол клубының және Бразилия ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Дани Алвес 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды. 

40 жастағы футболшы Барселонадағы түнгі клубтардың бірінде қыз зорлады деп айыпталды. Оқиға 2022 жылы 30 желтоқсаннан 31 желтоқсанға қараған түні болған. Ал 2023 жылдың қаңтар айында Дани Алвес күдікті ретінде ұсталып, қамалған еді.

Сот шешімі бойынша бразилиялық футболшы 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды және жәбірленушіге 150 000 еуро көлемінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді. Енді Дани Алвес Каталонияның Жоғары сотына, одан кейін Испанияның Жоғары сотына аппеляцияға шағым түсіре алады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или