Дзюдо

Бакудегі «Үлкен дулыға» турнирінің тікелей трансляциясы

Бакудегі «Үлкен дулыға» турнирінің тікелей трансляциясы
news-banner7
mobile-news-top

2024 жылдың 16-18 ақпаны аралығында Бакуде (Әзірбайжан) Халықаралық дзюдо федерациясының беделді Grand Slam сериясының турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарысқа 64 елден 413 спортшы қатысады деп күтілуде. Жалпы жүлде қоры 154 мың долларды құрайды.

Бүгін қазақстандықтар арасында татамиде төмендегі спортшылар сынға түседі:

Әйелдер:
- 48 келі - Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева;

- 52 келі - Толғанай Әбеуова, Балнұр Әбдешова;

- 57 келі - Балнұр Құсақбаева;

Ерлер:

- 60 келі - Дәурен Сүйкенов, Бауыржан Нарбаев;

- 66 келі - Алмас Ғалымов, Сұңғат Жұбатқан;

Жекпе-жектің тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 19:00-де басталып, Qazsport телеарнасында көрсетіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер