«Қайсар» сапына өзбекстандық және сенегалдық шабуылшылар қосылды

«Қайсар» сапына өзбекстандық және сенегалдық шабуылшылар қосылды
news-banner7
mobile-news-top

Қызылордалық «Қайсар» клубы бірқатар футболшылармен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Олардың қатарында шетелдік және қазақстандық ойыншылар бар.

Биыл команда құрамында өзбекстандық Шохназар Норбеков жасыл алаңға шығады.

Футболшылық мансабын сол елдің Бекабад қаласының «Металлург» клубында 2011 жылы бастаған 29 жастағы шабуылшы одан кейін өзбекстандық АГМК, «Сурхан», «Коканд-1912» және «Турон» намысын қорғады. Кейінгі жылдарда индонезиялық «Сада Сумут» жейдесін киді.

Өзбекстан біріншілігінде 200 кездесуде 27 мәрте қарсыластар қақпасын дәл көздеді.

Сондай-ақ, команда құрамына сенегалдық Ламин Тункара қосылды. Кейінгі жылдарда «EFC-Antalya» клубында ойнады

Қазақстандық шабуылшы Тоқтар Жаңғылышбай да «Қайсармен» келісім-шартқа қол қойды. 30 жастағы шабуылшы 2011 жылдан қазақстандық клубтарда ойын көрсетіп келеді. 2017-2018 жылдарда қызылордалық команда құрамында жасыл алаңға шықты.

Ал былтыр қызылордалық клубта ойнаған қорғаушылар Әділет Кеңесбек, Қуаныш Қалмұратов «Қайсармен» келісім-шарт мерзімін ұзартты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер