Ауыр атлетика

Қазақстан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында үшінші медалін жеңіп алды

Қазақстан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында үшінші медалін жеңіп алды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық ауыратлет Кирилл Староверкин Ташкенттегі Азия чемпионатында жүлдегер атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚР Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ташкенттегі Азия чемпионатында ерлер арасында 96 келіге дейінгі салмақтың үздіктері анықталды. Отандасымыз Кирилл Староверкин жұлқа көтеруде 150 келіні басынан асырып, кіші қола медаль иегері атанды. Ал серпе көтеруде 180 келіні бағындырып, қоссайыс қорытындысында 330 келі көрсеткішпен 4-орын иеленді.

Ерлер. 96 кг
Вон Йон Бём 367 кг (161+205)
Суннатилла Усаров 346 кг (161+185)
Нұрсұлтан Тармалов 333 кг (149+184)
Кирилл Староверкин 330 кг (150+180)

Естеріңізе сала кетсек, әзірге Қазақстан құрамасының қоржынында Сайрамкез Ақмолда (67 кг) мен Александр Уваров (81 кг) жеңіп алған 2 күміс жүлде бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер