русский язык
Қысқы

Биатлоннан әлем чемпионатының жарыс кестесі жарияланды

7 ақпан күні Чехияның Нове-Место қаласында биатлоннан бастау алатын әлем чемпионатының жарыс кестесі жарияланды.

Қазақстан Биатлоншылар одағының баспасөз қызметі мәлім еткендей, 18 ақпанға дейін жалғасатын додада 12 жүлде жиынтығы сарапқа салынады.

Әлем біріншілігін «Qazsport» телеарнасы толықтай тікелей эфирде көрсетеді. Қалыптасқан дәстүр бойынша әлем біріншілігі аралас командалық эстафета жарысымен басталады.

Аталған біріншілікте ел намысын Галина Вишневская-Шепоренко, Полина Егорова, Алина Скрипкина, Ольга Полторанина, Никита Акимов, Кирилл Бауэр, Владислав Киреев, Асет Дюсенов және Александр Мухин қорғайды.

Әлем чемпионатының жарыс кестесі:

07.02. Аралас командалық эстафета

09.02. Спринт 7,5 шақырым (әйелдер)

10.02. Спринт 10 шақырым (ерлер)

11.02. Із кесу жарысы 10 шақырым (әйелдер)

11.02. Із кесу жарысы 12.5 шақырым (ерлер)

13.02. Жекелей жарыс 15 шақырым (әйелдер)

14.02. Жекелей жарыс 20 шақырым (ерлер)

15.02. Жекелей аралас эстафета

17.02. Эстафета 4х6 шақырым (әйелдер)

17.02. Эстафета 4х7.5 шақырым (ерлер)

18.02. Масс-старт 12.5 шақырым (әйелдер)

18.02. Масс-старт 15 шақырым (ерлер)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;