Теннис

Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирдің ширек финалына шықты

Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирдің ширек финалына шықты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Мумбай (Үндістан) челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші оңтүстіккореялық Со Хен Пакпен бірге бастапқы кездесуін жарыстың 1-ракеткалары, италиялықтар Ангелика Морателли — Камилла Розателломен өткізді.

Қазақстандық-оңтүстіккореялық жұп бірінші партияда тай-брейкте басымдылық танытты — 7:6 (7:4).

Екінші сет жеңілдеу тиді — 6:2.

Сағат жарымнан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Құламбаева — Пак 11 брейк-пойнттың бесеуін құр жіберген жоқ.

Италиялық дуэтке 1 эйс, 3 брейк (7 брейк-пойнт) жеткіліксіз болды.

Ж.Құламбаева жекелей сында іріктеу сайыстарында осы К.Розателлоға есе жіберген еді — 6:4, 4:6, 3:6.

Жібек Құламбаева — Со Хен Пактың ширек финалдағы қарсыластары кейін белгілі болады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Әбу-Дабиде «Үлкен дулыға» турнирінің төрт мәрте чемпионымен кездесуі мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер