Қазақстандық конькишілер Жапониядан 10 медаль жеңіп алды

Жапонияның Хачинохе қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер мен нео-сеньорлар арасындағы әлем кубогының үшінші кезеңі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Срортты дамыту дирекциясынан мәлім еткендей, аталған додада қазақстандық конькишілер 10 медаль жеңіп алды.
Нео-сеньорлар арасындағы «Team Sprint» командалық жарысы:
Әйелдер — алтын (1 минут 33.82 секунд)
Ерлер — қола (1:28.02)
Жасөспірімдер арасындағы «Team Sprint» командалық жарысы:
Әйелдер — күміс (1:31.47)
Ерлер — қола (1:23.89)
1000 метрге жүгіру (нео-сеньорлар):
Маргарита Артемьева — күміс (1:22.03)
Мария Кузнецова — қола (1:23.84)
500 метрге жүгіру (нео-сеньорлар):
Маргарита Артемьева — алтын (40.86 секунд)
Мария Кузнецова — қола (41.38)
1500 метрге жүгіру (нео-сеньорлар):
Алена Лифатова — қола (2 минут 12.01 секунд)
Жаппай старт (нео-сеньорлар):
Маргарита Артемьева — күміс (6 минут 48.84 секунд)
Сондай-ақ, Жапонияда 2023/2024 жылғы әлем кубогының барлық кезеңіндегі ұпайлар қосындысы бойынша маусымның ең мықты спортшылары анықталды.
Бұл тізімде біздің жерлестеріміз көш бастап, жеңіс тұғырынан көрінді.
Нео-сеньорлар
Әйелдер арасындағы командалық жарыс — 1 орын
Ерлер арасындағы командалық жарыс — 2 орын
Жаппай старт
Мария Кузнецова — 3 орын
500 м
Маргарита Артемьева — 1 орын
Инесса Шумекова — 3 орын
1000 м
Инесса Шумекова — 2 орын
Алена Лифатова — 3 орын
Жасөспірімдер
Әйелдер арасындағы командалық жарыс — 2 орын
Халықаралық конькишілер одағы (ISU) маусымның үздіктері деп таныған спортшыларға дипломдар мен ақшалай сертификаттар табысталды.