Еркін күрес

Еркін күрестан Қазақстан чемпионатында 5 салмақта чемпиондар анықталды

Еркін күрестан Қазақстан чемпионатында 5 салмақта чемпиондар анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Нұрқожа Қайпанов ел чемпионы атағын қайтарып қалды. Қалған нәтижемен танысыңыздар

Астана қаласында өтіп жатқан күрестен ел чемпионатында еркін күрес шеберлері күш сынасты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Бүгін бес салмақ бойынша 145 спортшы жүлде жиынтығын сарапқа салды.

92 келі. 23 қатысушы

Алтын – Әділет Давлумбаев (Алматы қаласы)

Күміс – Есқали Дәулетқазы (Алматы облысы)

Қола – Нұрдәулет Бекенов (ШҚО)

Қола – Исламбек Ильясов (Павлодар облысы)

«Қазақстанның 6 дүркін чемпиондығы атағына қол жеткіздім. Өте қиын болды. Бір жарым жыл үзілістен кейін ғана боз кілемге оралдым. Аяғымдағы жарақатымды әлі толық жазбадым. Десе де, маған сенім артқан жанашырларыма алғысымды білідремін».

86 келі. 25 қатысушы

Алтын – Нұржан Исағалиев (БҚО)

Күміс – Нұрдәулет Қуанышбай (Жамбыл облысы)

Қола – Навруз Ахмедханов (Маңғыстау облысы)

Қола – Жігер Закиров (Алматы облысы)

«Тынымсыз жаттығу, төгілген тердің нәтижесінде топ жардым. Осы салмақтағы үздігі саналатын ағамыз Азамат Дәулетбековтің ізін қуып келе жатқанына қуаныштымын. Сол кісі секілді халықаралық жарыстарда жүлде алуды көздеймін».

65 келі. 36 қатысушы

Алтын – Майис Алиев (Маңғыстау облысы)

Күміс – Санжар Мұхтар (Жамбыл облысы)

Қола – Адлан Асқаров (Алматы облысы)

Қола – Начын Куулар (Шымкент қаласы)

57 келі. 28 палуан

Алтын – Ерасыл Мұхтарұлы (Жетісу облысы)

Күміс – Рахат Қалжан (Жамбыл облысы)

Қола – Мейрамбек Қартбай (Ақтөбе облысы)

Қола – Асылжан Есенгелді (Түркістан облысы)

74 келі. 33 палуан

Алтын – Нұрқожа Қайпанов (СҚО)

Күміс – Талғат Сырбаз (Атырау облысы)

Қола – Елдос Қуанышбай (Жамбыл облысы)

Қола – Мұрат Жақыпов (Ақмола облысы)

Ертең ел чемпионатының шешуші күнінде еркін күрестен 61, 70, 79, 97, 125 келідегі балуандар белдеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер