Футболдан UEFA Ұлттар лигасының жеребесі 8 ақпанда тартылады

Футболдан UEFA Ұлттар лигасының жеребесі 8 ақпанда тартылады
news-banner7
mobile-news-top

Футболдан UEFA Ұлттар лигасының 2024/25 жылғы маусымында Қазақстан құрамасы төртінші себетке түсті.

2024/25 жылғы UEFA Ұлттар лигасының жеребе тартуына арналған себеттер анықталды.

Екі жыл бұрын Қазақстан құрамасы С лигасының жеңімпазы атанды. Демек келесі маусымда біздің футболшылар В лигасында өнер көрсетеді.

2024/25 жылғы UEFA Ұлттар лигасының жеребе тарту рәсімі алдағы 8 ақпан күні Франция астанасы Парижде өтеді.

Қазақстан құрамасы В» лигасының 4-себетіне түсті. Олар Грузия, Грекия, Түркия құрамаларымен бір топқа түспейтіні белгілі болды.

Ойындар кестесі:

1-тур. 05-07.09.2024

2-тур. 08-10.09.2024

3-тур. 10-12.10.2024

4-тур. 13-15.10.2024

5-тур. 14-16.11.2024

6-тур. 17-19.11.2024

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер