русский язык
Басқа

Дохадағы ӘЧ: тағы бір қазақстандық спортшы сәтсіз өнер көрсетті

Дохадағы ӘЧ: тағы бір қазақстандық спортшы сәтсіз өнер көрсетті

Катар астанасы Дохада су спорты түрлерінен әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін әйелдер арасында синхронды жүзуен финалдық кезең өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финалда Қазақстан намысын Карина Магрупова қорғады. Техникалық бағдарламада қазақстандық спортшы 199,9433 ұпай жинап, соңғы орын алды.

Бастапқы кезеңде қазақстандық спортшы 219,8800 ұпай жинап, 12-орын алған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әлем чемпионатындағы өнерін қазақстандық Мария Федотова мен Диана Тасжанова аяқтаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;