Дзюдо

Қазақстандықтардың қатысуымен өтетін «Grand Slam» турнирінің тікелей трансляциясы

Қазақстандықтардың қатысуымен өтетін «Grand Slam» турнирінің тікелей трансляциясы
news-banner7
mobile-news-top

2-4 ақпан аралығында Парижде дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында «Grand Slam» әлемдік турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарысқа 110 елден 661 дзюдошы қатысады.

Бүгін ерлер арасындағы екі салмақ дәрежесінде 4 қазақстандық татамиге шығады: Асқар Нарқұлов, Данияр Шамшаев - 73 келі, Абылайхан Жұбаназар және Руслан Мұсаев - 81 келі.

Жекпе-жектердің тікелей трансляциясы Астана уақытымен 22:00-де басталады. Qazsport телеарнасынан көруге болады. Және осы сілтеме арқылы толық трансляцияны тегін көре аласыз.

Айта кетейік, Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ережесі бойынша «Grand Slam» турнирінің чемпиондары әлемдік рейтингте 1000 ұпай, күміс жүлдегерлер 700, қола жүлдегерлер 500 ұпай алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер