русский язык

«Ордабасының» шабуылшысы Өзбекстан клубына ауысты

«Ордабасының» шабуылшысы Өзбекстан клубына ауысты

Шымкенттік «Ордабасының» шабуылшысы Бобур Абдихоликов мансабын Өзбекстан чемпионатында жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

26 жастағы шабуылшы өткен маусымда ел чемпионатының күміс жүлдегері атанған «Насаф» клубымен бір жылдық келісімшартқа отырды. Айта кетейік, Абдихоликов бұл командада 2015-2020 жылдар аралығында өнер көрсеткен.

Бобур «Ордабасы» сапында өткен жылдың қаңтар айынан бері өнер көрсетіп келеді. Қазақстан Премьер-Лигасының 2023 жылғы маусымында ол 26 матч өткізіп, 7 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді. Маусым соңында «Ордабасы» тарихта тұңғыш рет Қазақстан чемпионы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;