Грек-рим күресі

Алмат Кебіспаев Қазақстан біріншілігінің ширек финалында жеңілді

news-banner7
mobile-news-top

Астанада күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты жалғасуда. Бүгін грек-рим күресінен бес салмақта жеңімпаздар есімі белгілі болады, деп хабарлайды Olympic.kz. 

67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында құраманың үздік балуандары Алмат Кебіспаев пен Мейіржан Шермаханбет кездесті.  Тартысты белдесуде 9:4 есебімен Мейіржан жеңіске жетті.  

Сондай-ақ, осы салмаққа ауысқан жамбылдық Дін-Мұхаммед Қошқар да жартылай финалға шықты. 

60 келі салмақтағы жартылай финал жекпе-жегінде Айдос Сұлтанғали мен Мейрамбек Айнағұлов кездеседі. 

77  келіге дейінгі салмақта Демеу Жадыраев, Тамерлан Шадукаевтар жартылай финалға өтті. 

87 келіге дейінгі салмақта Мақсат Сайлау, Диас Қален, Азамат Күстібаевтар өз мықтылығын дәлелдеуде. 

Аса ауыр салмақта Әлімхан Сыздықов, Мансұр Шадукаевтар жүлдеге таласады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер