русский язык
Әлем футболы

Автоголдың кесірінен Тәжікстан Азия кубогының жартылай финалынан құр қалды

Автоголдың кесірінен Тәжікстан Азия кубогының жартылай финалынан құр қалды

Футболдан Тәжікстан құрамасы Катарда өтіп жатқан Азия кубогының ширек финалдық кездесуінде Иордания құрамасынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 1:0 есебімен аяқталды. 66-минутта Тәжікстан құрамасының қорғаушысы Вахдат Ханонов допты өз қақпасына бағыттап алды.

Жартылай финалда өз тарихында алғаш рет турнирдің бұл кезеңіне шыққан Иордания құрамасы Австралия-Оңтүстік Корея кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.

Азия кубогы 10 ақпанда аяқталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;