Басқа

Төрт құрлық чемпионатында бүгін қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар ойын көрсетеді

Төрт құрлық чемпионатында бүгін қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар ойын көрсетеді
news-banner7
mobile-news-top
Қытайдың Шанхай қаласында өтіп жатқан мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионатында қазақстандық үш спортшы бүгін еркін бағдарламада сынға түседі.

Екінші жарыс күнінде жұптық сайыс және әйелдер арасындағы еркін бағдарлама сайысы өткізіледі.

Еркін бағдарламада қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар: Софья Фарафонова, Нурия Сүлеймен және Анна Левковец өнер көрсетеді.

Ел құрамасынан әйелдер арасында қысқа бағдарламада өнер көрсеткен София Фарафонова 18-орын алды. Ал Нұрия Сүлеймен 19-шы орынға жайғасса, Анна Левковец 24-орынға табан тіреді. Нәтижесінде қазақстандықтар 24 спортшының қатарына еніп, енді еркін бағдарламада бағын сынауға мүмкіндік алды.

Айта кетсек, 2019 жылы аталған додада ерлер арасында Денис Тен 2015 жылы чемпион атанса, қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева жеке сырнағауда күміс жүлде алды.
Дүбірлі дода 1999 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Қазақстандық спортшылардың қатысуымен өтетін бәсекені сағат 13:50-ден бастап Qazsporttv.kz телеарнасының сайтынан көрсетіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер