русский язык

«Қайрат» Біріккен Араб Әмірлігіндегі турнирге қатысады

«Қайрат» Біріккен Араб Әмірлігіндегі турнирге қатысады

Алматылық «Қайрат» футбол командасы Біріккен Араб Әмірлігінің Әбу-Даби қаласында өтетін РПЛ (Ресей Премьер-лигасы) Қысқы кубогына қатысатын құрамын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Халықаралық турнир 2024 жылдың 2-14 ақпаны аралығында Біріккен Араб Әмірлігінің Әбу-Даби қаласында болады.

Қарсыластары - ресейлік «Спартак»,«Ростов» клубтары және «Шабаб Аль-Ахли» командасы (БАӘ).

«Қайраттың» турнирдегі ойын кестесі:

6 ақпан. «Шабаб Аль-Ахли» - «Қайрат». Басталуы - 22:30;

11 ақпан. «Қайрат» - «Ростов». Басталуы - 21:00;

14 ақпан. «Спартак» - «Қайрат». Басталуы - 22:30.

Төрт команда топтық кезеңде бір-бірімен кездеседі.

Топта бірінші орын алған ұжым турнирдің жеңімпазы атағына ие болады.

Аталған ойындарға қатысатын футболшылар тізімі:

Қақпашылар: Данил Устименко, Никита Пивкин, Вадим Ульянов;

Қорғаушылар: Егор Ткаченко, Иброхимхалил Юлдошев, Дамир Қасаболат, Лев Кургин, Офри Арад, Александр Мрынский, Александр Широбоков, Сұлтан Асқаров, Лука Гадрани;

Жартылай қорғаушылар: Әділет Сәдібеков, Гиоргий Зариа, Дмитрий Сергеев, Арсен Буранчиев, Еркебұлан Сейдахмет, Андрей Ульшин, Мирас Оматай;

Шабуылшылар: Вячеслав Швырев, Артур Шушеначев, Жоао Пауло, Сэйф Попов, Ян Труфанов, Элдер Сантана.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;