русский язык
Қысқы

Канвон-2024: Керлингтен Қазақстан құрамасы ширек финалға шыға алмады

Бүгін Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында қазақстандық спортшылар керлингтен аралас жұптық сындағы іріктеу кезеңдерінің соңғы сынында Даниядан жеңіліп, ширек финалдан тыс қалды.

Аталған бәсекеде Қазақстан намысын ағайынды Ибрагим мен Мерей Тастемір қорғаған болатын.

Жерлестеріміз қарсыластарына 15:3 есебімен жол берді.

Енді ертең Астана уақыты бойынша 8:00-де шаңғы жарыстарынан аралас эстафетада құрамамыз соңғы Олимпиада жүлдесіне таласады.

Айта кетейік, Оңтүстік Кореядағы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан намысын спорттың 5 түрінен 10 дисциплина бойынша 41 спортшы қорғап жатыр.

Канвонда қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының алауы 19 қаңтар күні тұтанған болатын.
Жарыс 1 ақпанда мәресіне жетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;