Теннис

Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Камила Валиева төрт жылға жарыстардан шеттетілді

Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Камила Валиева төрт жылға жарыстардан шеттетілді
news-banner7
mobile-news-top

Спорттық арбитраждық сот (CAS) Камила Валиеваның допинг сынамасының оң нәтижесіне қатысты шешім шығарды. Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы төрт жылға дисквалификацияланды.

Спортшыны жарыстардан шеттету мерзімі 2021 жылғы 25 желтоқсанынан бастап есептеледі. Сол күні мәнерлеп сырғанаудан Ресей чемпионаты кезінде ол допинг сынамасын тапсырып, кейін оның құрамында тыйым салынған триметазидин заты бары анықталды. Валиеваның барлық атағы мен жетістігі көрсетілген күннен бастап жойылды. Осылайша Ресей мен Еуропа чемпионы болу ресми түрде тоқтатылды.

Сот барысында Валиева допинг сынамасында тыйым салынған заттың барын жоққа шығармады. Соттың айтуынша, ресейлік тарап спортшының әрекетінде допинг қолдану ниетінің жоқтығына жеткілікті дәлел келтірмеген. CAS мұндай жағдайларда мәнерлеп сырғанаушыға ересек спортшы ретінде қарау керек деп санады. Бұған дейін Валиева бұл іске жасына байланысты "қорғалатын тұлға" ретінде қаралып келген.

Оң сынақ кезінде ол 15 жаста болған еді. Валиевадан допинг табылғаны 2022 жылы 8 ақпанда Бейжің Олимпиадасы кезінде – мәнерлеп сырғанаушы Ресей құрамасы құрамында чемпион атанған командалық турнирдің ертеңіне белгілі болды.

Соңғы шешімде сот Валиеваның жеке олимпиадалық турнирге жіберілуінің салдары қарастырмағанын бөлек атап өтті. Оның нәтижелері туралы, сондай-ақ ресейлік мәнерлеп сырғанаушыларының командалық жарыстардағы алтын медальдары туралы шешімді "тиісті спорт ұйымдары" қабылдайды. 

Түпнұсқасы: kaz.nur.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер