Кирилл Савицкий ҚХЛ-дағы 150-кездесуін өткізді
![Кирилл Савицкий ҚХЛ-дағы 150-кездесуін өткізді](https://prosports.kz/upload/news/content//202401/201736_291bce8d9a936cfce159ba38324f5eff.jpg?v=28687769)
«Барыстың» шабуылшысы Кирилл Савицкий ҚХЛ-да 150-кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оның мерейтойы «АК Барспен» өз алаңындағы матч болды - (1:3).
Биылғы маусымда 28 жастағы шабуылшы ҚХЛ тұрақты маусымында 50 ойын өткізіп, 16 ұпай жинады (10+6).
Өскемендік түлек «Астана» клубында 2021-2022 жылғы маусымнан бері өнер көрсетіп келеді. Ол ҚХЛ-да барлығы 150 кездесу өткізіп, 53 (27+26) ұпай жинады.