русский язык
Қысқы

Щучинск қаласы биатлоннан Азия чемпионатын қабылдайды

Щучинск қаласы биатлоннан Азия чемпионатын қабылдайды

Щучинск қаласында биатлоннан қысқы Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

2024 жылғы 10-20 наурыз аралығында Щучинск қаласында қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында биатлоннан жасөспірімдер мен жеткіншектер арасындағы Азия чемпионаты өтеді.

Байрақты бәсекеде сары құрлықтың 7 елінен 100-ден астам жас спортшылар 3 дисциплина бойынша Азия чемпионы атағына таласады. Олардың қатарында Қытай Тайпейі, Жапония, Оңтүстік Корея, Моңғолия, Қырғызстан, Таиланд және Қазақстан мемлекеттері бар.

Чемпионат балалар мен жасөспірімдер биатлонын дамыту бағдарламасы аясында және 2023 жылы наурыз айында құрылған Азия биатлон федерациясының қолдауымен ұйымдастырылады.

2025 жылы Қытайда Қысқы Азия ойындары жоспарланғанын ескерсек, бұл бәсеке жас спортшылар үшін халықаралық тәжірибе шеңберінде аса қажет.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;