«Астананың» бұрынғы қорғаушысы қытайлық клубқа ауысуға жақын

news-banner7
mobile-news-top

«Астананың» бұрынғы қорғаушысы Вараздат Ароян мансабын Қытай чемпионатында жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Арменияның Sportball 24 басылымының хабарлауынша, Ароян жаңа маусымнан бастап Қытайдың Жоғарғы лигасында өнер көрсететін Циндао клубымен келіссөздер жүргізіп жатыр. Өткен маусымда бұл команда Бірінші лигада екінші орын алып, жоғары көтерілді.

Вараздат Ароянның соңғы клубы «Астана» болды. Қазақстан Премьер-лигасының 2023 жылғы маусымында елордалық команда сапында 20 матч өткізіп, бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Маусымның қорытындысы бойынша «Астана» ҚПЛ-да екінші орын алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер