Дзюдо

Келесі жарыстарда алтын алуға тырысамын - Абиба Абужақынова

Келесі жарыстарда алтын алуға тырысамын - Абиба Абужақынова
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық дзюдошы Абиба Абужақынова Португалияда өтіп жатқан әлемдік Гран-при турнирінің қола жүлдесіне қол жеткізгеннен кейінгі әсерімен ой бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Біз үшін жаңа маусым басталды. Жылдың алғашқы жарысында қола медальға қол жеткіздім. Енді үйге барып, бұйырса қателіктеріммен жұмыс жасап, келісі жарыстарда алтын әрекет жасаймыз. Бірақ, біздің әрбір жарысымыз Олимпиадаға ұпай берілетіні себепті, әрбір медалім мен үшін аса маңызды. Барша қолдау көрсеткен жанкүйерлерге, қазақ еліне үлкен алғысымды білдіремін. Баршаларыңызға рахмет», - деді жарыстан кейін Абиба Абужақынова.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Абужақынова Португалияда өтіп жатқан әлемдік Гран-при турнирінде 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль жеңіп алған болатын.

Турнир барысында ол барлығы 5 кездесу өткізіп, оның төртеуін жеңіспен аяқтады. Іріктеу кезеңінде Эмбер Гершес (Нидерланд) пен Лаура Эспадинханы (Франция) қапы қалдырды.

Ширек финалда жапониялық Кано Миякиге есе жіберді. Одан кейін жұбаныш белдесуінде бельгиялық Лоис Петиттен басым түсіп, кіші финалға жолдама алды.

Айта кетсек, Португалияның Одивелаш қаласында басталған Гран-при додасы - дзюдодан 2024 жылғы маусымның алғашқы ресми рейтингтік жарысы. Оған әлемнің 90 елінен 624 дзюдошы қатысып жатыр.

Қазақстаннан аталған додада әйелдер арасында Абужақыновадан бөлек, 48, келіде Ғалия Тынбаева, 57 келі салмақта Бақыт Құссақбаева, 63 келіде Эсмигүл Куюлова, 78 келі салмақта Аруна Жангельдина және +78 келі салмақта Камила Берліқаш ел намысын қорғап жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер