русский язык

«Қайсар» жолдастық кездесуде ирандық клубты жеңді

«Қайсар» жолдастық кездесуде ирандық клубты жеңді

Қызылордалық «Қайсар» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында бақылау ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық команда Иранның «Шамс Азар» клубымен кездесті. Кездесу 1:0 есебімен «Қайсардың» пайдасына аяқталды.

Жеңімпаздар қатарында Бақдәулет Зүлфиқаров голдың авторы атанды.

Естеріңізге сала кетейік, 2022/23 маусымында «Шамс Азар» Иран чемпионатының екінші дивизионының жеңімпазы атанып, Премьер-Лигаға жолдама алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;