Қазақстандық теннисші Асылжан Арыстанбекова Australian Open-2024 турнирінен шығып қалды
![Қазақстандық теннисші Асылжан Арыстанбекова Australian Open-2024 турнирінен шығып қалды](https://prosports.kz/upload/news/content//202401/472_640fd621b2bbf7b2263e9eef27d5d79.jpg?v=28694959)
Қазақстандық теннисші Асылжан Арыстанбековажасөспірімдер арасындағы Australian Open турнирінде Беларусь теннисшісі Юлия Перепихинамен бірге жұптық сында 1/4 финалдық кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Жартылай финалға шығу үшін Қазақстан-Беларусь жұбы ұлыбританиялық Ханна Клагман/Мингге Ксу дуэтімен кездесті. Арыстанбекова мен Перепихина 2:6, 2:6 есебімен жеңілді.
Асылжан мен Юлия бұған дейін жасөспірімдер арасындағы Australian Open 2024 турнирінің екінші айналымында жапониялықтар Хаю Киношита/Вакана Сонобені (6:4, 2:6, 10:7) жеңген еді.
Айта кетейік, Асылжан Арыстанбекова жекелей сында алғашқы кезеңде жеңіліп қалды.