Қуат Хамитов 10 мың теңгеге ешқашан төбелеспегенін айтты
![Қуат Хамитов 10 мың теңгеге ешқашан төбелеспегенін айтты](https://prosports.kz/upload/news/content//202401/201131_4ab2bd1b9eec8b1fe5d9ea402f5778c7.jpg?v=28700655)
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов ертеректе жабық турнирлерге қатысып, аз-кем ақша үшін жекпе-жекке шыққанын жоққа шығарды, – деп жазады Tengri Sport.
Бұған дейін қазақстандық өзге спортшы Жұман Жұмабеков Алматыдағы казиноларда жабық жекпе-жектерге қатысқанын, әр төбелескені үшін 10 мың теңге гонорар алғанын мойындаған еді. Сондай-ақ ол осындай турнирлерге Қуат Хамитовтің де қатысқанын айтып қалған еді.
Мұндай ешқашан болған емес. Менің жекпе-жектерімнің бәрі спорттық талапқа сай өткен. Бірақ сол кездері ірі көлемдегі ақша саналатын 100-150 мыңдың төбелестерге шығуға ұсыныс болған. Біз қабыл алған жоқпыз, себебі елдің туын көтеріп жүрген спортшылармыз, - деді Қуат Хамитов Tengri Sport порталына берген сұхбатында.
Айта кетейік, қазіргі таңда Қуат Хамитов келесі жекпе-жегіне дайындығы барысында Тайландта оқу-жаттығу жиынында жүр.