русский язык
Теннис

Аустралия чемпионатында Әмір Омарханов жартылай финалға өте алмады

Аустралия чемпионатында Әмір Омарханов жартылай финалға өте алмады

Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалына өте алмады.

Жасөспірімдер арасында әлемнің 27-ракеткасы, 16 жасар Әмір Омарханов ширек финалда рейтингіде өзінен екі саты жоғары тұрған құрдасы, нидерландық Мес Роттгерингпен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда екі брейк жасаған нидерландық алдан көрінді — 6:2. Оның қарқынына төтеп беру екінші сетте де мүмкін болмады — 6:0.

Түпнұсқасы: Inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;