Лука Модрич маусымның соңында «Реал Мадрид» сапынан кетеді

Лука Модрич маусымның соңында «Реал Мадрид» сапынан кетеді

«Реал Мадрид» жартылай қорғаушысы Лука Модрич келісімшарты аяқталған соң испаниялық клубтан кетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Relevo ақпараты бойынша, футболшы мадридтік командамен келісімшартын ұзартпайды және карьерасын басқа клубта жалғастырады. Бұған дейін 2024 жылдың жазында Модрич Сауд Арабиясы клубтарының біріне ауысуы мүмкін екені хабарланған болатын.

Хорватиялық жартылай қорғаушы «Реал Мадрид» сапында 2012 жылдың тамызынан бері ойнап келеді. Осы маусымда ол «корольдік клуб» сапында барлық турнирде 24 матч өткізіп, бір гол соғып, бес нәтижелі пас берді.

Transfermarkt ойыншыны 10 миллион еуроға бағалап отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Модрич – «Алтын доп» иегері. Хорватиялық футболшы бұл жүлдені 2018 жылы алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или