«Рыцарь» өнер көрсететін турнирдің медиа-күнінен кадрлар жарияланды
![«Рыцарь» өнер көрсететін турнирдің медиа-күнінен кадрлар жарияланды](https://prosports.kz/upload/news/content//202401/201736_e41a9b3f3080b44293a17cdb3ba9e4ad.jpg?v=28672420)
Еуразиялық жекпе-жек лигасы 2024 жылғы алғашқы кеші – OCTAGON 54 турнирінің медиа-күнінен видео жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
19 қаңтарда Алматыдағы турнир аясында Қазақстан мен Өзбекстан арасында 7 жекпе-жектен тұратын «бірге-бір» форматында кездесулер өтеді. Кештің толық файткардын мына жерден көруге болады.
Турнирдің басты жекпе-жегінде қазақстандық «рыцарь» Георгий Кичигин (29-10) мен өзбек нокаутшысы Шохасан Мирзаматов (11-13) жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуді сарапқа салады.
Айта кетейік, бұған дейін Георгий Кичигин Prosports.kz сайтына сұхбат беріп, алдағы жекпе-жегі жайы ойын айтқан.
Алдағы ивентке билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады