русский язык
ММА

OCTAGON чемпионы белбеуі кімге бұйырады және Қазақстан мен Өзбекстан «теке-тіресі» қалай аяқталады?

OCTAGON чемпионы белбеуі кімге бұйырады және Қазақстан мен Өзбекстан «теке-тіресі» қалай аяқталады?

19 желтоқсан, жұма күні Алматыда Еуразиялық жекпе-жек лигасының 2024 жылғы алғашқы кеші – OCTAGON 54 турнирі өтеді, деп жазады Prosports.kz

Ауқымды жекпе-жек кеші аясында көрермендер Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан және Қытай спортшылары қатысатын 14 жекпе-жекті көреді.

Алдағы турнирдің басты ерекшелігі, Қазақстан мен Өзбекстан арасында 7 жекпе-жектен тұратын «бірге-бір» форматында кездесулер өтеді.

Өзбек файтерлері мен олардың тәлімгерлері теке-тіресте жеңіске жетуге ниетті екенін мәлімдеп, видео түсірді.

Турнирдің басты жекпе-жегінде қазақстандық «рыцарь» Георгий Кичигин (29-10) мен өзбек нокаутшысы Шохасан Мирзаматов (11-13) жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуді сарапқа салады.

Бұған дейін Георгий Кичигин Prosports.kz сайтына сұхбат беріп, алдағы жекпе-жегі жайы ойын айтқан.

Кештің негізгі жекпе-жегінде жартылай жеңіл салмақтағы тәжікстандық Фарход Давлятов (7-3) пен өзбекстандық Азизхон Азимов (4-2) кездеседі.

Жекпе-жек кешінің тікелей трансляциясы 19 қаңтарда Астана уақытымен сағат 18:00-де басталады, оны OCTAGON TV youtube-арнасынан көруге болады.

Алдағы ивентке билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 54 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;