Қазақстан әйелдер құрамасы Австриядағы жаттығу жиынына қатысып жатыр
![Қазақстан әйелдер құрамасы Австриядағы жаттығу жиынына қатысып жатыр](https://prosports.kz/upload/news/content//202401/203991_496e6d59d78bd64948cd8d5fffffebdd.jpg?v=28652822)
Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрама командасы Австрияда халықаралық оқу-жаттығу лагеріне қатысуда, деп жазады Prosports.kz сайты Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Австрияның Миттерзиль қаласында дзюдодан халықаралық оқу-жаттығу лагері өтіп жатыр. 15 қаңтарға дейін жалғасатын халықаралық жиынға Қазақстан әйелдер құрамасынан 6 спортшы қатысып, шеберліктерін шыңдауда.
Олар:
Абиба Абужақынова (48 келі)
Ғалия Тынбаева (48 келі)
Бақыт Құсақбаева (57 келі)
Эсмигүл Куюлова (63 келі)
Аруна Жангелдина (-8 келі)
Камила Берліқаш (+78 келі)
Бас бапкер: Ерлан Алпысбаев