Арда Гюлер «Реалда» қашан дебют жасайтыны белгілі болды

Арда Гюлер «Реалда» қашан дебют жасайтыны белгілі болды

Арда Гюлер «Реалда» қашан дебют жасай алатыны белгілі болды.

«Реал Мадрид» бапкері Карло Анчелотти өткен жазда командаға қосылған, бірақ жарақатына байланысты корольдік клуб сапында бірде-бір ойын өткізбеген 18 жастағы жартылай қорғаушы Арда Гюлердің қашан дебют жасайтынын айтты.

Итальян маманының айтуынша, түрік ойыншысы ертең, 6 қаңтарда Испания кубогының 1/16 финалындағы «Арандинаға» қарсы ойынға қатыса алады.

"Арда Гюлер бабында, жаттығуы да жақсы. Ол ертеңгі матчта негізгі құрамда ойнай алады", - деп жазды журналист Фабрицио Романо Анчелоттиге сілтеме жасап әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или