Азат Мақсұмның UFC-дегі екінші қарсыласы анықталды
Жеңілмеген қазақстандық Азат Мақсұмның (17-0) UFC промоушені аясындағы екінші қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бастапқыда 3 ақпанда Максум Лас-Вегаста (АҚШ) UFC Fight Night 235 турнирінде америкалық Нейт Мэнесспен (15-3) жұдырықтасады деп жоспарланған болатын, бірақ Мэнесс жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартуға мәжбүр болды.
Шетелдік инсайдерлердің айтуынша, Нейттің орнына отандасы Чарльз Джонсон (13-6) шығады.
Айта кетейік, Джонсон бұрын сегізбұрышта қазақстандық файтермен кездесті. 2022 жылдың қарашасында UFC Fight Night 215 турнирінде Жалғас Жұмағұловты жеңді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или