Футзалдан Қазақстан құрамасы алғаш рет УЕФА рейтингінде 4-орын алды

Футзалдан Қазақстан құрамасы алғаш рет УЕФА рейтингінде 4-орын алды
Футзалдан Қазақстан құрамасы ерлер командалары арасындағы УЕФА рейтингінің жаңартылған нұсқасында 4-орынға көтерілді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

УЕФА рейтинг кестесіндегі ақпаратқа сай, Португалия, Ресей және Испания құрамалары ғана біздің ойыншылардан жоғары.

Ал Futsal Planet нұсқасы бойынша әлемдік рейтингте Қазақстан құрамасы 6 орында. Әлемдегі ең беделді Futsal Planet порталының рейтингінде Қазақстан ұлттық құрамасы 6 орынға ие болды. Жаңа рейтинг 2023 жылдың 18 желтоқсанында шықты.

Айта кетейік, Пауло Рикардо Кака шәкірттері 2024 жылы өтетін әлем чемпионатына іріктеуде 6 ойында 6 жеңіске жетіп Өзбекстанда өтетін додаға жолдама алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или