Паркер сенсациялық түрде Уайлдерді жеңді
Жаңа Зеландиялық Джозеф Паркер Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өткен бокс кешінде АҚШ өкілі Деонтей Уайлдерді жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жекпе-жек 12 раундқа созылды және Паркердің жеңісімен аяқталды.
Жалпы Уайлдер 47 жекпе-жек өткізіп, үш рет жеңіліске ұшырады, оның екеуі британдық Тайсон Фьюриден. Тағы бір жекпе-жек тең аяқталды.
Паркер өз кезегінде кәсіпқой рингтегі 34-ші жеңісіне қол жеткізді. Оның да үш рет жеңілісі бар.
Осылайша, жаңа зеландиялық WBC және WBO титулдарын жеңіп алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или