Исхар Құрбаевтың олимпиадалық салмаққа ауысатыны рас па? Бас бапкер жауап берді

Исхар Құрбаевтың олимпиадалық салмаққа ауысатыны рас па? Бас бапкер жауап берді

Грек-рим күресінен Қазақстан командасының бас бапкері Юрий Мельниченко танымал балуандардың олимпиадалық салмаққа ауысуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Айта кетелік, Қарағандыда өткен Нұркен Әбдіровті еске алуға арналған турнирде 72 келідегі Азия чемпионы Ибрагим Магомадов олимпиадалық салмақ саналатын 77 келіде топ жарған болатын.

«Ибрагим Магомадов олимпиадалық салмаққа ауысқан жоқ. Оған нағыз ыңғайлы салмақ - 72 келі. Ол 77 келіге ауыспайды. Тек кішігірім жарыстарда ғана салмақ қуып, қиналмау үшін 77 келіде күресіп жүр.

Жақында жастар арасындағы әлем чемпионы Исхар Құрбаевтың әкесі хабарласты. Ол Исхардың жеке бапкері саналады. Жастар арасындағы чемпионымыз 55 келіден 60 келіге ауыспақшы екен. Бірақ нақты салмағы әлі де жетіңкіремейді.

Сондықтан оларға асықпай, күш, салмақ жинау керектігін айттым. Өйткені, бұл өз басымнан да өткен. Сол себепті, жақсы білемін. Күш пен салмақты жинағанғана дейін, өзге салмаққа ауысудың қажеті жоқ», - деді бас бапкер. 

Еске салайық, Исхар Құрбаев Амманда (Иордания) өткен жастар арасындағы әлем біріншілігінде топ жарған болатын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или